Алматы қаласының барлық мектептері бес күндік оқу жүйесіне өте алмайды. Қалалық білім басқармасы бұл шешімді  оқушылардың қауіпсіздін ескере отырып қабылдапты.Бұл туралы  juldyz.kz хабарлайды.

« Алматыда бес күндік оқуға 115 жалпы білім беру мектептерінің  1-7 сыныбы өтсе, 87 гимназия, мектеп-гимназия, лицей мен мектеп-лицейдың 1-4 сынып оқушылары өткен. Қалған 8-11 сыныптың жалпы білім беру мектептерде оқитын тәлімгерлерімен жаңа форматта білім беруге көшкен мектептердің 5-11 сыныптары аптаның алты күніде сабаққа барады. Бұл біріншіден ішкі миграцияға байланысты. Қалаға қоныстанушылар көп. Былтырғы жылмен салыстырғанда балалар саны 12 487 мыңға көбейген. Сондықтан да қаладағы мектептер екі маусымда жұмыс жасайды. Жолға 1,5, 2 сағат кететінін ескерсек жол қауіпсіздігінде ұмытпаған дұрыс. Осылай толық бес күнге өту мүмкін емес», — деп жазылған министрліктің сайтында.

Ал Астанада 84 мектептің 71-і бес күндік оқуға өте алған.

Пікір қосу