Мюнхендік Бавария футбол клубының бұрыңғы жартылай қорғаушысы Хави Алонсо футболдан кетпейтін болды. Ол енді өзін бапкер ретінде сынап көрмек. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды. 

«Футболға арнаған  17 жылдан соң бапкер болу туралы шешім қабылдадым. Барлығын жуық арады білесіздер», – деді Алонсо әлеуметтік желіде.

Хави Алонсо 2016/17 жылғы маусымнан соң футболдағы карьерасын аяқтады. 36 жастағы испан футболшысы ең даңқты футболшылардың бірі. «Ливерпуль», «Реала», «Бавария» сынды топ клубтарда ойнады. Клубтарда алған марапаттарының саны 15-ке жеткен. Реал мен Ливерпуль сапында Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды. Ұлттық құрамада екі рет еуропа біріншілігін ұтса, 2010 жылы әлем чемпионы деген атаққа қол жеткізген.

Пікір қосу