Генадий Головкинның бапкері Абель Санчес шәкірті мен Сауль Альварес арасындағы реванштық кездесудің уақытын айтты. Бұл туралы juldyz.kz  халықаралық агенттіктерге сілтеме жасап хабарлайды.

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 5 мамыр Мексиканың «Синко де Майо» ұлттық мейрамына орай өтуі ықтимал.

«Том Леффер Golden Boy- мен байланыста. Сондықтан да бәрін жуық арада білеміз. Кездесу 2018 жылдың мамыр айында өту үшін қандай шарт жасалатынын білмеймін », — деді Абель Санчес.

Пікір қосу