Астанада салынып жатқан  «Әбу-Даби плаза» құрылысында  кран қисайып қалды. Алайда ешқандайда қайғылы жағдай болмаған.  Бұл туралы  juldyz.kz  сайты хабарлайды.

БАҚ-ның жазуынша Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов құрлыс басындағы төтенше жағдайды растаған.  Р.Иманқұловтың айтуынша, құрылысқа жауапты барлық бөлімшенің жұмысшылары жұмыс орнында. Қазірше құтқарушылардың көмегі керек емес екен. Елордадағы  «Абу-Даби Плаза» құрылысы 2010 жылы қарашада басталған еді.  2016 жылы құрылыс кешенінен өрт шыққан еді. Ал осы айдың басында бұл жерде жергілікті жұмысшылар мен Үндістандық азаматтар арасында төбелес болған.

Пікір қосу