Аманжол Рысмендиевтің  латын әліпбиіне қатысты пікірі:

Қоғамдағы мəселені əлеуметтік желіде отырып алып талқылағанды ұнатпаймын. Көбінесе ел ағаларымен дастархан басына жиналғанда, кездесулерде пікір алмасатынымыз болмаса, нақты əрекетпен өзгеріс енгізе алмаған соң, биліктің жасаған жұмысын «дұрыс» не «бұрыс» деп сырттай бағалап отыру, сын айта беру ержігітке де жат қылық. Соңғы уақытта өте қарқынды талқыға түсіп жатқан латын əліпбиіне көшу туралы мəселені жұрт дүрліге қабылдап, əркім филолог болмаса да өз деңгейінде пікір білдіріп жатыр.
Латын əліпбиі – қазаққа керек! Өз тілімізді, құндылықтарымыз бен ұлттымыздың болмысына қажет-ақ. Бірақ кейбір түсініксіз əрі ыңғайсыз əріптерді қолдану арқылы қазақ сөздерін мазаққа айналдырып отырған мына қоғам – бүйте берсе ертеңгі күні күлкіге қалады. Өзімізге, сөзімізге «прикол» ұстап, соны əлеуметтік желіде таратып отырған мына жігіттер қауымына да ірілік пен кейде ұят жетіспей жатады! Ол – латын әріпі – әлі-ақ уақыт ағымымен қатар санамызға сіңіп кететін дүние. Қажеттіліктен қалай үйренгенімізді өзіміз білмей қаламыз. Сондықтан Руxани жаңғыру –  Елбасы мен қазақтың кезекті жеңісі боларына сеніммен қарайық ағайын!

2 пікір

  1. Расында да латын қаріпін сайқымазақтыққа айналдырмау керек, қазір біз бүйте берсек, онда қашан оны өзіміз үйретіп, басқаларға үйретеміз!

Пікір қосу