Құралай Ханым:

Менде теоретический «Күміс алқа» бар, фактический жоқ

Ішіме бір нәрсе сыймаааай жатыр, айта салайыншы🙏🏻 Менде #теоретический «Күміс алқа» бар да, #фактический жоқ☺️ Жоқ болуының себебі: өзімнің #қазақбайшылығым мен өкіметтің #бюрократизмі
Опшым былай🙈
Алтыншы балам дүниеге келе сала, әдемі көйлегімді киіп, шашымды буып, алты куәлікті алып ұшып💃🏻 собезке жетіп бардым. Бара сала, кеудеме Күміс алқаны таға салады дегем ғой✊🏻 әртіс көйлегімді бекер киген екенмін қырғын өшірет. Қырық тоғызыншы болып жазылып, өшіреттегі апалардың өміртариxын тыңдап болып отырғанмын. Бір тәте шықты да: «У нас обед» – деп есікті жауып кетті де қалды. Ау, «ньзат, непәле, послебет келесіңіспа, списөкке қайта жазыламыспа» деп у да шу болып қала бердік. Қой, үйде #сүтсәби бар ертең келейін деп, кетіп бара жаттым да, есіктің алдында копия жасап, кір-кір ксероксын тарсылдатып отырған тәтеге барып, сумкамнан сникерсімді алып: «Түу тәте, жұмыстарыңыз қалай, қиын адам не деген көп, ауа жоқ, шәй ішерсіз алыңыз» – деп қасына тұра қалып, екінші сникерсімді жеп тұрып, әңгімеден жібердім. Собездің біраз историсін біліп, тәтемнің бетін бері қаратқан соң, өзімнің xистористерімді жәйіп салдым.
Алты балам бар екенін, тез арада Күміс алқа керек екенін зырылдаттым.
Тәтем бүкіл сәбезді шешетін секілді #вид жасап, ойланып тұрды да: «Тәәәк, сен алмайсың Күміс алқа» – деді.
— Ойбай неге? Жұрт алып жүрген тоғыз мың теңгені алғым келеді, ау тәте за что деп алдына 6 күәлікті жәйіп салдым. Астапыралла, үш сағат отырып, ала-алмаған ақпаратымды, тәтем тарсылдатып бір минутта айтып берді:
— ҚР заңы бойынша, алтыншы бала бір жасқа толған жағдайда ғана, Күміс алқаға құжаттар рәсімделеді деді.
Осы жағдайдан кейін, өкіметпен қатысты, не нәрсе болса да «гугләпшеден» ҚР-ның заңдарын оқып, күйеуге түсінігімді айтып беріп, содан соң ғана баратын болдым.
Содан аман-есен ай өтті, жыл өтті…
Ырғалып-жырғалып жүріп, екі жыл қалай зу ете қалғанын түсінбей қалдым…
Бір күні, мәә 😧 9000тг*12 ай=108000тг айырылдым ғой дедім де, құжаттарды құшақтап, собезге ұштым.
Барсам, тура сол баяғы картина, мен ғана жетпей тұр екем.
Бұл жолы күйеуім мен кіші баламды қоса ала бардым. Ішімде, балам жыласа, кезексіз кіріп алармын деген гитлерский план.

Алқа күшті ғой. Тағылып алып жүрем…

Сөйтіп #неждали😠 деп жетіп бардым.
Күйеуім кезекті көріп, өзің #бірдеңеғылшы деп тайып тұрайын деп жатыр еді🚷 #stop✋🏻 үйімнен ертіп әкелген балам жоқ, осылардың дүниеге келуіне мен ғана #виновата емеспін, маған #богпомощь боласың, екеуміз не көрсек те бірге көреміз деп алдап-сулап, бір апаның қасына ұлы екеуін отырғыздым😅
Өшіретте қырғын ұрыс, таныстарын сүйрелеп, кезексіз кіргендерді қарғап сілеген, өмір зарын, өкімет саясатын айтып, кабинеттің ар жағында отырғандарды, үйдегі келінін, Пугачева мен Галкинге дейін, опшым бәрін айтып шулаған жұрт. Бала біресе #какать біресе #писать біресе менде, біресе әкесінде, ыңырсығанына ешкім қарап жатқан жоқ. Планым #капуткороче
Екінші сағатта қулыққа көштім. Күйеуге әдемі әңгіме айтып, Алқаны алсақ, жақсылап қонақ шақырайық. Алып-алып тыныш жатқанымыз ұят деп, екеуміз қайын жұрт, төркін, достардан теріп-теріп, тізім жасап, соятын қойды ойлап, үйді реттеп, кішкене ремонттауымыз керек екенін айтып, біраз дуылдадық. Сәнімізді қасымыздағы бір орыс апым бұзды: «Шо, тоже за пенсией стоите или малоимущие?»– деп еді, менің жарығым бірінші қызарды, сосын көгерді де, 20 жылда мен естімеген ерекше дауыспен: «Кетейікші»- деп қырылдады.
Амал жоқ, алқаны да, қонақты да, жәйіне қалдыруға тура келді.
Цирк, машинаға отырғанда басталды. Басында #нуивбаню😡 Керегі жоқ бүйткен Алқасына раxмет! Болды бармай-ақ қойшы, сұмдық, мына жерде отырып, өмірден түңіліп кеттік қой, тоғыз мың теңгесіне де, алқасына да раxмет деп күйеу жәмән болды.
Одан кейін #таныстабукерек әкеші телефонды, кім бар еді. Звандатқызып жасата салу керек деп, беті бері қарай бастады. Қап Қаскелеңде болса шеше салар ем, мына қалада қиын болды ғой деп, ойланып кетті.
Үйге келген соң: «Саған сол Алқа қатты керек пе?» – деді.
— Алты балаға алатын 9000 теңгем бар, оған Күміс Алқаның 9000 қосылса, айына 18000 алып жүрем ғой деп міңгірледім😒 өзінің миы шаршап тұрған адамның жынына тимей, дұрыс жауап берейін, өшіретке деген ашуын, маған бұрып жіберіп, ішпей-жемей кінәлі болып, сөз естіп қалармын деген оймен😏
Басқа қандай қасиеті бар оның деді, сәлден кейін кішкене жұмсарып.
Ешқандай, бірақ күшті ғой😍 тағып алып жүрем☺️ дедім, басқа сөз таппай…

Баланы алқа үшін тапқан жоқпын! Өзім үшін!

Келесі #поxодыма күйеусіз барайын деп шештім. Екі-үш күн ерте барып, тізімді қолға алып, кезекті өзім жазып, таныстарын тыққылағандардан есікті, 28 Панфиловшылар сияқты кеудемен қарсы алып, бірінші күні үш қағаз, екінші күні бір қағазды жоқ қылып, үшінші күні бәрін сықитып🤞🏻 тапсырдым да уxx дедім. Алқаны тағатын күнді қиялдап, арт жағындағы түйреуіші көйлекті тесіп тастамас па екен деп #переживать етіп үйге қайттым☺️ Сөйтііііііп сол папкыны 3 ай күттім. Барсам, құжаттар Астанаға кетті, келсе xабарласам, мазаны алып келе бермеңіз деп қайтарды😧
Бопты деп, оған да көндім. Тағы бір айдан соң, телефонда звонок. Қолым дірілдеп, мәз болып, шүкір-шүкір, тәубе-тәубе, жеттім бе Алқаға деп, алып қалсам…
Бір балаңыздың ИИН-і дұрыс емес, бір балаңыздың базада датасы сәйкес келмейді, құжаттарды ЦОН-ға апарып жөндеп келіңіз деді.
Ертең кел, жиналыс, бастық отпускта, база дұрыс жасамай тұр деген қызықтармен, Цон, ЗАГС, Роддом, Акиматты шарлап жүріп, осы биыл балам 4 ке келгенде, құжаттардың барлығын әрең жөндеп болдым. Цонды көргім келмей, собезді жек көріп кеттім бе, Алқаны алғым келмей қалды 🙃 бүйтіп күшті таққым келмей қалды 😏короче аппетит пропал.
Сөтіп ойланып-ойланып: «Енді Күміс Алқамды Ақордаға барып, бір кісінің қолынан бірақ алам»-деп шештім☺️
Өкіметті жамандағанмен, маған біреу жақсысын бере қояр деймісің😪😟
Негізі өзімнен де бар😔
Басында Қазақбайшылыққа салып, созыыыып жүріп алдым, сосын шәршәп кеттім😞
Енді өздері кеп тақсын деееееп отырмын😅 бірдеңе тындырған кісідей💖Әлде Алтын Алқаға тырысып көрейік па😅 Қалай ойлайсыздар?
ПыСы: Баланы Алқа үшін тапқан жоқпын! Өзім үшін! Сондықтан маған ешкім ештеңе қарыз емес!
Бүгінгі ойым осы…

Пікір қосу