Әнші, сазгер Марат Балмырза өз тыңдармандарына жаңа «Алыстама» әнін тарту етпек. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Романс стилінде жарық көретін бұл әннің авторы ақын Мақпал Мыса болса, әнін Марат Балмырзаның өзі жазған.

Марат Балмырза:

Жуырда Мақпал Мыса – ақын қыздарыңыздың сөзіне жазылған «Алыстама» атты су жаңа әнімді сіздерге тарту етемін!

Мақпал МЫСА, ақын, әннің авторы:

Күздің осы бір салмақты сәтінде өмір жайлы ойландыратын ән болды. Өлең әнмен тереңдей түскен. Тұңғышымыз тұңғиық.

Ендігі әншінің тыңдармандарына осынау лирикаға толы әнді аз ғана уақыт күту қалды.

Пікір қосу