Айнұр Тұрсынбаева, айтыскер-ақын:

О бастан негізі алаңғасар адаммын… 🙄 Өмірі ақша жоғалту, багажды көрінген жерге тастап кету, самолеттен қалып кету, басқа машинаға мініп кету деген мен үшін қалыпты жағдай болып қалды… 😡Осыдан 6-7 жыл бұрын-ау деймін, бір адамға қарыз болып қалдым.. Содан сол ақшамды салып алып қарызымнан құтылайыншы деп бара жатқанмын, жолдан дүкенге кірдім, тағы бір жерге кіріп су алдым, қойшы әйтеуір жақындаған кезде қарасам әмияным жоқ! 😩
Құдай-ау, өзімнің сонша салғырттығыма күйіп кеткеннен көзімнен жасым атып шықты.. 😭(Содан 1-ақ ай бұрын тағы бір кошелек жоғалтқанмын).. Содан мазам қашып үйге келдім де, жатып қалдым… «Неге мен осындаймын, қашан жиналамын» деген ойлар жеп барады… 😰Содан бір кезде есіме Балғынбек түсті, бірден звондадым, «Балғынбек, мен кошелек жоғалттым, ақша, документ бәрі кетті, сен енді жақында Меккеден келдің ғой, дінді жақсы білесің, сабырға келе алмай тұрмын, қандай сүре оқысам болады, мынау ақшасы құрғыр жүрегіме түсіп кеткен ғой деймін» деп жынданып тұрып айтқанмын ғой, сөйтсем ол «Тәәәк, қанша ақша бар еді сонша?» деді, «5 мың доллар😭» деп бақырып жібердім… Балғынбек саспайды «Сен былай жаса Айнұр, жүрген жерлеріңе барып жақсылап ізде ол ақшаны, қайтсең де тап, сөйтіп маған срошно 2 жарым мың долларды салып жіберші» деееп тұр сволыш… 😡😡 (Ол кошелек табылмады ақыры).

Фейсбук парақшасынан.

Пікір қосу