Отандық мұнай өндіруші зауыттар автокөліктерге арналған жанармайды көбірек шығарып, дизель отынын өндіруді азайтып жатыр. Соңғы 8 айда Қазақстанда 2,1 миллион тоннаа жанармай өндірілген. Оның ішінде авиацаға арналған жанар-жағармайда бар. Алайда дизель отынн шығару азайып отыр. Осы жылдың қаңтар және тамыз айлары аралығында 3,1 млн. тонна ғана сатылымға шығарылған. Автокөліктерге арналған бензинді шығаруды басымдыққа қоюдың басты себебі өз нарығымызды қамтамасыз ету. Әзірге отандық МӨЗ-ры ішкі нарықтағы қажеттіліктің 73,5 пайызын ғана қанағаттандырып отыр. Алдыға қойылған меже 75 пайыз. Бірақ та дизель отынын өндіруінің бәсеңдеуі сырттан келетін солярканың пайызын арттырды. Қазір импорт бір жылдың ішінде 2,9 — дан 5,9 пайызға дейін өсті. Соңғы 7-айдың ішінде Қазақстанға 188,9 мың тонна дизель отыны сырттан келді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есеге көп.

Өз тілшіміз

 

 

Пікір қосу