Манчестер юнайтед командасы мен Ағылшын ұлттық құрамасының бұрыңғы қорғаушысы Рио Фердинанд кәсіпқой боксшы болмақ. Бұл туралы juldyz.kz сайты хабарлайды.

Рио: Енді қарсыласты ұрғаның үшін қызыл қағаз алмайсың.

38 жастағы даңқты футболшы кәсіпқой бокспен шыңдап айналыспақ. Рингке шығу үшін МЮ-дың экс-ойыншысы  бір шама уақыт жаттығу жасаған. Рио бокс арқылы әйелі Эллисонның қазасынан кейінгі ауыр күндерді  жеңген.  Ол жартылай орта салмақта чемпион болған «Шеффилд Юнайтед» командасының бұрыңғы жартылай қорғаушысы Кертис Вудхауз сынды болуды алдына мақсат етіп қойыпты.

Пікір қосу