Абу-Даби плазадағы төбелестің ушығуына әлеуметтік желідегі ойдан шығарылған әңігмелер мен адамды арандататын ақпараттар себеп болған. Оған жұмыс таба алмай жүрген ауылдан келген жастар сенген. Бұл туралы депутат В. Божко айтты деп хабарлайды juldyz.kz  сайты tengrinews.kz сілтеме жасап.

Депутаттың айтуынша, бұндай жағдай осыдан бірнеше жыл бұрын  Астанада «Артем» базарында да болған. «Абу-Даби плазадағы оқиға осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу керектігін тағы да дәлелдеп отыр»,-  дейді  депутат. Владимир Божконың пікірінше Астанаға келіп жатқан жастардың жолына тосқауыл қою керек. Жастар қандай себеппен ауылдарды тастап кетіп жатыр? Осыны анықтап, сол мәселелерді шешу ләзім. Жастарға ауылда  барлық жағдай жасалуы тиіс. Жұмыс, баспанамен қамтамасыз етіп, инфраструктураны жетілдіру қажет деп өз пікірін білдірді депутат. Қысқасы, мәжіліс төрағасының орынбасары В. Божконың пайымдауынша  Астанаға келтін ауыл жастарының санын шектесе әлеуметтік мәселер шешіледі екен.

Пікір қосу