Константин Пономорев Г. Головкинның командасында  жаттығатын ресейлік боксшы. 24 жастағы жас спортшы кәсіпқой рингте 32 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен. Константин Пономаревтың айтуынша, судьялардың шешімі төбемнен жәй түскендей жаңдайға қалдырды  дейді. Айта кетейік, бір судья Головкинге жеңісті 115-113 есебімен берсе, екіншісі 114-114 деп тең дәрежеде өткен жекпе-жек деген пікірді ұстанған. Үшінші судья 118-110 деп жеңісті Альвареске берген. Sovsport сайты «Ғасыр жекпе-жегіне» баланған кездесу хақында К. Пономоретан сұхбат алыпты. juldyz.kz соны аударып назарларыңызға ұсынады.

 

– Головкин рингте  Альварестің басынан дәлдеді. Және ұзақ көздеді.
– Иә. Ол оның бокстағы өзіндік тәсілі. Алғашқы раундтарда байқайды, қарсыласының басын нысанаға алады. Сосыны барып шабуылға шығады.Қарымта шабуыл ұйымдастырып, қыспаққа алады. Мен бұл жерде жаңадан ешнәрсе көргенім жоқ. Барлығы жоспарлағандай болды. Жекпе-жек шиеленісті және қызықты өтті. Гена жеңіске жетті.

– Әлеуметтік желіде Альвареске 10 раунд бойы жеңіс берген судья сынға алынды. Сіздіңше  Сауль Г. Головкинен қанша раунд бойы басым болды?  

–Альварес  үш раунда басым болды.

Осындай шешімнен кейін реванш керек пе?

– Ойын тең дәрежеде аяқталғанан кейін, әрине, реванш керек. Егер Генаның қолын көтергенде реванштың қажеті жоқ еді. Бірақ та біз осындай жағдайда қалдық. Сондықтан да реванш өте-мөте қажет.

– Головкин мен  Альварес осы кездесуде не көрсете алды?
– Мүмкін  Альварес бұрыңғыдан гөрі аяқпен жақсы жұмыс жасады. Жалпы жылдам боксшы ғой. Мен Сауль шаршы алаңда өзін соншалықты еркін ұстайды деп күткенім жоқ. Альвареске де өз бағасын беру керек!

– Жетінші раундтан бастап Альварес бокстасуды қойып, аман қалуды ойлаған сияқты.

– Ол жекпе-жектің бел ортасынан кейін шаршаңқырап қалды. 12 раундқа шыдауға  ұмтылды. Және дегеніне жетті.

– Головкин бұл кездесуін Мавин Хаглер мен Рэя Леонардтың жекпе-жегіне теңеді. Өз майданының тарихы маңызы барын айтып. Сізде солай қабылдадыңыз ба?

– Бокс кезінде және бұл кездесуге дейін сондай әсерде болдым. Біз бәріміз қатты алаңдадық. Бұл барлық адам күткен бүгінгі замандағы ең маңызды жекпе-жектердің бірі еді. Судьялардың шешімінен кейін бұл айтулы жекпе-жектен ләззат ала алмадық. Мен Г. Головкин мен Альварестің айқасын бастан аяқ көрдім. Тең түсті деу дұрыс емес.

– Реванштық кездесуде жеңіске апара жол – нокаут? 

– Менің ойымша, Генаның өзі ешкім айтпай-ақ  нокаутқа түсіруді көздейді. Қарсыласын  бұрынғысынан да қатты қыспаққа алып, рингтегі әрбір қарекеті арқылы Альвареске қауіп төндіреді. Жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтауды ойлайды.

–Бұл кездесуден кейін Генадий Альваресті боксшы ретінде толық таныды деп айтуға бола ма? Саульдың бар құпиясын ашты деп айтуға болатын шығар.  

– Ия, сізбен келісемін. Головкин Альварестің қандай боксшы екенін толықтай түсінді. Оның соққылары Генаға қандай да бір проблемма тудырмады. Және Головкин өз соққыларын жақсы дарытты. Соңғы раундтарда Альварес әрең дегенде аман қалды.

 

 

 

Пікір қосу