– Сырт көзге салмақты болып көрінгеніңізбен, достарыңыздың арасында әзіл-қалжыңды бір кісідей айтатын көрінесіз. Әзілдеріңізбен бөлісе отырсаңызшы…

– Рас, жақын араласатын, әзілім жарасатын достарым бар. Қолқаңызға орай, студент кезімде басымнан өткен бір қызық оқиғамды айтып берейін. «МұзАРТ» ансамблінің серкесі Сәкен Майғазиев – жатақханада бір нанды бөліп жеген досым. Әр жігіттің жатақхана ішіне кірген, айтып келетін өз әні болатын. Әнді ести сала, сүйген қыздарымыз бөлмелерінен атып шығатын. Сәкен ол кезде бойдақ. Жұбайы Динара да бізбен бірге оқыды. Ол да жатақханада тұратын. Екеуі қыз бен жігіт болып, жұп құрып жүрген кездері. Бір күні Динараны алдамақ болдым. Динараның бөлмесі орналасқан жатақхана қабатына Сәкеннің дауысын салып, екі ғашыққа жақсы таныс әнді айтып кірдім  (Қандай ән екенін ұмытып қалдым). Динара бөлмесінен атып шықты да, мені көріп ұялып қалды. Сосын «Өй» деп бөлмесіне қайтып кіріп кетті. Осы оқиға әлі ұмытылған жоқ. Басымыз қосылса еске алып, күліп аламыз.

Мәдина Серікқызының сұхбатынан алынды

«Жұлдыздар отбасы» журналы

№1 (42). 2009 жыл

Көшіріп басуға, тақырыпты бұрмалап салуға, материалды өзгертуге, арасынан сөз немесе сөйлемдерді алуға қатаң тыйым салынады!

Пікір қосу