Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) гонорары белгілі болды.

Ұлыбританиялық The Telegraph таблоид мәліметінше Головкин мен Альварес 15 миллион доллардан алады. Бұл сома екі боксшы үшін де рекордтық болып саналады. Бұл PPV көрсетілімдерінен түсетін қаражаттан бөлек түскен гонорар.

Golden Boy Promotions басшысы Оскара Да Ле Хойяның ойынша жекпе-жекті PPV көрсетілімі арқылы 1,5 миллион адам қарайды, бұл дегеніміз 100 миллион доллар. Боксшылар осы табыстың 60 пайызын иеленедіСонымен қатар, осы табыстың көп бөлігін Альварес алуы мүмкін.

Сонымен қатар, боксшылар билет сатылымынан түскен ақшаны да алады. Билеттер сатылымға шыққаннан кейін, екі аптаның ішінде түгелдей сатылып кеткен. Ұйымдастырушылар кемінде 30 миллион доллар табыс тапқан.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тігеді.

                                                                                              Дереккөз: kaz.vesti.kz

Пікір қосу