Сингапур мемлекеті жаңа президент сайлады. 63 жасар Халима Якобты ешбір свайлаусыз таңдаған көрінеді. Себебі, ол – жалғыз кандидат болыпты. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Осы уақытқа дейін Халима Якоб малайзиядық қауымдастықтағы парламенттің спикері болған. Өздерін ұсынған төрт адамның кандитарусын түрлі себептермен қабылдамапты. Соның ішінде екеуіне малайзиялық қауымдастыққа жатпайтындықтары себеп болды. 2016 жылы жергілікті биліктің шешімі бойынша, 2017 жылға презденттікке үміткер болу үшін міндетті түрде малайлық азамат болу шарт.    Ал қалған екі үміткердің қабылданбағанына  жеткілікті еңбек өтілі болмағандығы себеп.

Халима Якоб, Сингапур президенті:

«Мен бәріне президентпін. Сайлау болмаса да, елге қызмет ету үшін құлшыныс баяғыдай болып қалмақ. Елдің берекесі үшін барлығын істеуге үнемі талпыныс жасайтын боламын.

Президенттің ант қабылдау рәсімі 14 қыркүйекте болады.

Еске сала кетейік, Сингапур – парламенттік республика. Демек билік премьер-министрдің қолында. Ал мұндағы президенттің билігі шектеулі. Алайда. белгілі бір кадрлерге байланысты өз шешімдерін айтуға құқылы.

Пікір қосу