Кеше Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің жабылу салтанаты өтті. Онда мультимедиялық шоу көрсетіліп, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары ән салып, соңы елбасының сөзімен аяқталды. ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ең қызықты деректерді назарларыңызға ұсынамыз.

Ресми деректер бойынша:

  1. Аталмыш халықаралық көрмеге әлемнің 173 елінен 4 миллионға жуық адам келген.
  2. Көрме павильондарын аралап шығу үшін кемінде 96 сағат қажет болған.
  3. Ұйымдастырылған мәдени шаралардың саны 3500-ден асса, 33 мыңға жуық әртіс өнер көрсеткен.
  4. Көрме аумағында 100 миллион фотосурет түсіріліп, 88 жігіт өз сүйіктілеріне сезімдерін білдірген.
  5. Әлем ғалымдары адамзат өміріне елеулі өзгерістер әкелген 153 жаңа өнертабысты таныстырған.

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі Астанада 2017 жылдың 10 маусымында басталған болатын. Ондағы «Болашақ энергиясы» тақырыбы энергетика саласының қазіргі жаһандық мәселелерін қамтиды. Көрмеге баламалы энергия көздері саласындағы жаңа технологияларды ұсынған 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрме 11 қыркүйек күні сағат 03:00-те толығымен жабылады.

Дереккөз ҚазАқпарат

Пікір қосу