Айқын Төлепберген мен КешYOU тобының экс-солисті Жұлдыз Өмірғали  ұлды болды. Бұл туралы 31 арнадағы «Айта берсін» бағдарламасында хабарланды.

Осыдан бірнеше ай бұрын Жұлдызға сырға салынып жатқан видео желілерде тарап кеткен еді. Ал сол видеода үйден ұзатылып кетіп бара жатқан әнші қызды Айқын сүйіп, көлікке отырғызып жатқаны көрсетіледі. Кейіннен бұны сериалдың түсірілім деп түсіндіргендей еді. Белгілі болғандай,  Айқын түскен «Қария» телехикаясында Ж.Өмірғали түспеген.

«Айта берсін» бағдарламасында Нұрлан Еспанов Айқынды ұлды болғанымен құттықтады.

Пікір қосу