Әлем барысы болған Айбек Нұғмаровтың үш жекпе-жегі туралы

1/8 финалда өзбек жігіті Мұқсин Хусомедиевпен күресті. Белдесудің 3:56 секунтында Мұқсин Айбекті сырттан шалып, қос жауырынын жерге тигізді. Айбекті айнылдырып тұрып тамаша құлатқан әдісті ортадағы төреші алғашында «жартылай жеңіс» деп бағалады. Содан, әлде төрешілер, әлде Айбектің бапкері лақтырған көріністі қайта қаратты. Қайталау барысында құлап бара жатқан Айбектің жерге бірінші тізесі түсіп, артынан денесі түскенін көрдік. Айбектің тізесі жерге тигенімен, бұл жерде ешқандай кідіріс болған жоқ. Сол себепті, Мұқсинға алған ұпайын қайтарып беру керек еді. Шалқар Жоламанов бастаған төрешілер басқаша шешім шығарып, бірінші тізесі тигені үшін Мұқсинға берген жартылай жеңісті бүк әдісіне айналдырды. Бәсеке әрі қарай жалғасып, ұпай санымен Айбек жеңіп кетті.
1/4 финалға төрешілердің арқасында шыққан Айбек Еламанмен белдесті. Белдесу бастала сала шабуылға шыққан Еламан бүк ұпайларын бірінен кейін бірі алып жатты. Тартыстың 1:40 секунтында Еламан жамбас әдісіне салуға әрекеттенген кезде Айбек қолын тіреп, қасына жақындатпады. Лас әрекет жасағаны мен күрес басталғаннан бері ешбір әдіс жасамағаны үшін Айбекке ескерту беріп, қарсыласына бүк ұпай беру керек еді. Төреші ондай әрекетке барған жоқ. Күрестің қызығы 1:02 секунтта Еламан қарсыласын іштен шалып, өзі бір қырымен құлағанда басталды. Төреші Еламанның әдісті өзі жасағанын, әрі денесінен бұрын тізесі тигенін ескеріп, Айбекке бүк ұпайын берді. Осы сәтте жүргізуші Бейсен Құранбектің «төрешілер қарсы» деген даусы шықты. Шалқар Жоламанов бастаған төрешілер лақтырған әдісті қайта қарап, Айбекке жартылай жеңісті «тартып» алып берді. Тартып алды дейтін себебім, Мұқсин мен Айбектің күресінде де дәл осыған ұқсас жағдай орын алған. Сол кезде Мұқсинның әдісіне құлап бара жатқан Айбектің тізесі бірінші жерге, содан кейін арқасы тиген еді. Сол кезде Мұқсинға небәрі бүк ұпайын ұстатқан. Енді тура сол жағдай Еламан мен Айбекке келгенде төрешілер шешімін 360 градусқа бұрып, Айбектің пайдасына жартылай жеңіс жазды. МАСҚАРА! Егер алдыңғы белдесудің ретіне салсақ, Еламанның сол тізесі жерге тиіп барып құлағаны үшін Айбекке бүк ұпайын ғана беру керек еді. Ал олай болмаса, Айбекті 1/8 финалда жарыстан шығарып тастау керек еді. Шалқар Жоламанов бастаған төрешілер осы кезде «оңбай» қателескенін қалайша байқамай қалды? Әлде, көрермендерді «ақымақ» деп ойлады ма? Сонымен не керек, 5 минутта жалғыз әдіс жасаған Айбек бұл белдесудің қаһарманына айналып шыға келді.
Жартылай финалдағы Серікпен күресі де төрешілердің белден басуымен өтті. Белдесудің 2:08 секунтында Серік қарсыласын сырттан шалып, екеуі де тіземен құлады. Төрешілер тағы да теріс шешім шығарды. Айбекке бүк ұпай берді. Мұндай кезде әдісті қолданған адамға ұпай беру керек қой. Немесе әдіс «нәтижесіз» деп саналып ешкімге ұпай берілмеу керек. Тағы да, әділетсіздік орын алды. Бұл әдісті де қойшы, қараптан-қарап Айбекке ұпай беріліп жатқанын қалай түсінеміз? Алыстағы ағайындарымыздан ұят болды.Қазақстанның біріншілігі құсатып, балуандарды шақырып алып, белдерінен басқанымыз дұрыс болмады.
Реті кеп тұрғанда айта кетейін, Айбат Сейтен бауырымыз белдесуде жеңіліп тұрып шу шығарды.
Сөз соңында ЕРЖАН ШЫНКЕЕВтың тамаша күрескенін айта кетейін. Барлық мақтауды Ержанға арнасақ, әбден жарасады. Барлық белдесулерін өз күшімен жеңді. Грузин балуанынан таза жеңілсе де, абыроймен жеңілді. 42 балуанның арасынан еңбекпен алған қола белдігіне ҚҰТТЫ БОЛСЫНнан басқа айтарым жоқ.

 Zhasulan Nauryaliev-тың ФБ парақшасынан

4 пікір

  1. Енді осыдан кейін барыс дегенді өткізу ұят өте ұят айбектің намысы болса жүлдеден бас тарту керек маған ондай жеңіл олжа керек емес деп сонда ғана оның абыройы орнында қалады, əйтпесе айбегіңді сыйламақ түгілі қазақ күресін ешкім сыйламайды

  2. dunie juzine jarialap kazak kures degenshe boldirmai ak koimai ma, nemese ozderimen ozderi parelep 1-shi 2- shi orin dep ala bermeime, budan kein dunie juzi kazaktari kazak kuresinen konilderi kaladi dep oilamaima?

  3. Жартылай финалда Серікпен Айбек Əлем барысының жалған хаһарманы күресті əрине төрешілердің қиыншылығымен ол белдесудің Хаһарманы Айбек болғаны Айдан анық Осы екі балуанның белдесуіндегі 2:08 болганда Серік Айбекті артан шалып екеуі де тіземен түсті бірақ ұпайды Айбекке бүк берілді Əдіс жасаған кісі жығылса қосылмаушы еді қатар жығылғаны үшін Серікке ұпай берілуі керек еді бұл ұпай Айбекке берілді Бұл қалай? Төрешілердің опасыздығынан Қазақтар жане басқада ұлттар бір бірлеріне жау болып ренжісу туындап отыр Əділет қайда

Пікір қосу