Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов бразилиялық қарсыласы Исмаэл Буэноны жеңді. Бұл туралы juldyz.kz сайты хабарлайды.

Мейірім Нұрсұлтанов бірінші раунда нокаутпен жеңіп кетті. Қазақ боксшысы қарсыласын рингтің сыртына шығарып жіберді. Мейірім орташа салмақта бокстасады. Кәсіпқой рингте бұған дейін үш рет жекпе-жек өткізген. Әуесқой бокста жақсы өнер көрсеткен. «Астана арланс» клубы арқылы көпшілікке танылған. Әлем чемпионы Мерей Ақшаловтың туған інісі.

 

Пікір қосу