Әлемге әйгілі қазақ боксшысы Генадий Головкинның әйелі босанды. Бұл жолы Алина Головкина дүниеге қыз бала алып келген. Бұл туралы juldyz.kz сайты хабарлайды.
Гена және Алина
Даңқты боксшының отбасындағы жақсы жаңалықты экс-депутат Мұхтар Тініккев әлеуметтік желіде бөліскен. Қыркүйек айының басында ғана Гена француздық «L»Equipe»-ке сұхбатында әйелінің аяғы ауыр екенін айтқан болатын. 7 маусым күні 35 жастағы боксшы отбасын құрғанына 10 жыл болғандығын атап өткен. GGG -дің әйелі де Қарағанды қаласының тумасы. Алина екеу үйленердің алдында жеті жыл жүрген. Екі бірдей жоғарғы оқу орнын аяқтаған. 2009 жылы чемпиоға Вадим есімді ұл туып берген. 8 жасар Вадим хоккей спортымен айналысады.

Пікір қосу