Астана қаласында ЭКСПО-2017 аясында өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде АҚШ-тан келген қандасымыз Димаш Ниязов жеңіске жетті. Бұл туралы juldyz.kz сайты хабарлайды.

Америкалық боксшы бразилиялық қарсыласы Эдуардо Перейра дос Рейесті 6-раунттық жекпе-жекте жеңді. Димаш Ниязов 2-1 есебімен басым түсті.

 

Димаш Ниязов 13 жасынан бері АҚШ-та тұрады. 2017 жылы Нью-Йорк қаласының үздік полицейі атанған. Димаш ішікі істер саласында қызмет етіп қана қоймай кәсіпқой бокспен де айналысады. 11 рет кәсіпқой рингке шыққын. Барлығында да жеңіске жеткен.

Пікір қосу