Айкерім ЕСЕНӘЛІ, тележүргізуші, телепродюсер:

Мен – телепродюсермін! ойлап қарасам, соңғы 4 жылда 8 жобаны эфирге алып шығыппыз? барлығы да ел аузында, талқыға түскен, рейтингі жақсы жобалар, шүкір… Көпшілігі «малобюджеткалар»? (жаспыз ғой, қанағат) жылтырақ, жарқырап тұратын, «қымбат», барлығы қатысқысы келетін шоуларды да көбірек жасармыз, қолдан келеді ғой. Осыны нәсіп еткен Жаратқанға шүкір… Ешкімнің алдында сұраншақ етпей, талай абыройлы тұлғаға еңбегімді мойындатып, талай биікпен иық тірестіруге мүмкіндік берген, абырой берген Аллаға шүкір… Әрдайым стереотиптерден алшақ, қалыптасқан әдеттен өзге жолды таңдауға тырысамын.
Ешқашан ешкімнің алдында бас имеппін, оған да шүкір. Мінезім тік, принципшілмін, ретсіз бос сөзге орын бергім келмейді. Команда құрғанда мүмкіндігінше идеясы тың, «таныссыз» қабілетті жас кадрлерді алуға тырысамын. себебі, өрімдейлердің өміріне оң ықпал еткім келеді, кезінде менде тәжірибе болмағанда маған да үйреткен, жол сілтеген адамдар үшін Аллаға алғысымды солай жеткіземін… Ешкімнің ақшасын жемеймін, жолын кеспеймін, ешбір адамға зиянымды тигізгім келмейді… Себебі, өмір – бумеранг.. Айналадағылардың барлығы сондай қағиданы ұстанса деп армандап қоям … Шіркін-ай…
Сонымен, «Не демексің»,- дейсіздер ме? Жай, жанымда әділ, обьективті, таза ниетті адамдар көп болсыншы деген тілегімнің орындалғанын қалаймын… Үлкеннің үлгісі болса, кішіге көрсететін…

1 пікір

Пікір қосу