ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов «Абу Даби Плаза» маңындағы төбелестің тергеу барысы жайлы айтып берді, — деп хабарлайды juldyz.kz  kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

«Кінәлілер түгелдей анықталды. Жауап алынып жатыр, бетпе-бет кездесу өткізіп жатырмыз. Көшеде төбелеске Үндістанның 30-40 адамы қатысқан. Сот олардың депортациясы мәселесін шешеді. Кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылады», — деп мәлімдеді ІІМ басшысы.

«Біздің күзетшіні ұрып-соққан Үндістан азаматтарына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Үндістан азаматтарын ұрып-соққан күзетшілерімізге қатысты да қылмыстық іс қозғалды», — деді Қалмұханбет Қасымов.

Пікір қосу