Барлық салмақ категориясындағылардың кестесі бір күнде белгіленеді. Яғни бүгін, 2 қыркүйек күні Гамбург қаласында бокстан Әлем чемпионаты-2017 ойындарынеың кестесі жарияланады. Бұл туралы Вести ақпарат агеттігіне сілтеме жасап juldyz.kz хабарлайды.

Астана уақытымен сағат 22.00-де рингке 49 кг салмақтағы боксшылар, ал содан кейін бірден салмақ реті бойынша басқа категориядағы спортшылар шығатын болады.

Финалда қазақстандық үш боксшы өнер көрсететін болады. Олар Қайрат Ералиев (56 кг дейін), Әбілхан Аманқұл (75 кг дейін) және Қамшыбек Қонкабаев (91 кг жоғары).
Бокстан әлем чемпионатының толық кестесі:

49 киллограм салмаққа дейін:

Хоанис Архилагос (Куба) – Хасанбой Дусматов (Өзбекстан).

52 киллограм салмаққа дейін:
Йосвани Вейтия (Куба)  Жасурбек Латипов (Өзбекстан).
56 киллограм салмаққа дейін:
Кайрат Ералиев – Дюк Раган (АҚШ).
60 киллограм салмаққа дейін:
Ласаро Альварес (Куба) – Софьян Умиа (Франция).
64 киллограм салмаққа дейін:
Икболжон Холдаров (Өзбекстан) – Энди Круз Гомез (Куба).
69 киллограм салмаққа дейін:
Шахрам Гиясов (Өзбекстан) — Роньель Иглесиас (Куба).
75 киллограм салмаққа дейін:
Абильхан Аманкул — Александр Хижняк (Украина).
81 киллограм салмаққа дейін:
Хулио Сесар ла Крус (Куба) — Джозеф Уорд (Ирландия). 
91 киллограм салмаққа дейін:
Евгений Тищенко (Россия) — Эрисланди Савон (Куба).
91 киллограмнан жоғары:
Қамшыбек Қонкабаев — Магомедрасул Меджидов (Әзірбайжан). 
Айта кетейік, 20 жастағы Аманқұл мен 25 жастағы Қонқабаев үшін бұл әлем чемпионаты еңбек жолындағы алғашқы әлем чемпионаты. Ал 26 жастағы Ералиев 2013 жылы қоржынына қола медал салған, одан кейінгі  Дохадағы турнирде 1/8 финалдан ойынын тоқтатқан болатын. 
Жоғарыда  аталған 3 финалдық ойыннан басқа, 2017 жылғы әлем чемпионатында, қазақстандық тағы 3 спортшы  қола медал үшін сынға   түсетін болады. Олар Ержан Жомарт, Абылайхан Жүсіпов, Василий Левит.

Дереккөз Vesti.kz

Пікір қосу