Алматы орталық мешітінде айт намазы оқылып , арты мерекелік іс-шаралармен жалғасты. Намазға 20 000-ға жуық адам қатысты. Намаз соңында қала имамы Нұрбек Ауезханұлы еліміз, жұртымыз үшін дұға жасап, айттан айтқа аман-есен жетуді тіледі. Бұл туралы Муфтияттың ресми сайтына сілтеме жасап juldyz.kz хабарлайды.

Намаздан кейін мешіт ауласында қошқар палуан, асық ату, арқан тартыс, қол күрес сынды спорттық шаралармен қатар  ұлттық өнер де көрсетілді. Сондай-ақ, мешіт жанында арнайы тігілген шатырда кезегімен 1000 адамға арналып ас тарқатылды. Спорттық шаралардың жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар таратылды. Бұл іс-шараларға көзайым болған жамағат пен қала қонақтары мерекелік көңіл-күймен тарқасты.

muftyat.kz

Пікір қосу