Әнші Ақбота Керімбекованың үш ұлы, ал Рауанның алғашқы некесінен бір ұлы бар. Яғни жұлдызды жұптың ортақ төрт баласы бар.  «Ел аузында» бағдарламасымен бірлесіп, қос ғашық Ақбота Керімбекова мен Рауан Дәулетов Грузия еліне саяхат жасағаны баршаға мәлім. Juldyz.kz сайты осы бағдарламада берген сұхббатың аз ғана бөлігін ұсынады.

Ақбота Керімбекова:

Өмір өзімдікі болғаннан кейін, жаным не қалайды солай өмір сүремін. Бақытқа әр адам лайықты. Мен бәрібір өз дегенімді істейтін адаммын. Жолдасыммен дос болып жүрдік. Ұсыныс жасағаннан кейін ойландым. Ел не дейді, жұрт не дейді?!. Бірақ жалғыздық Аллаға ғана жарасқан. Көп дос қыздарым керісінше мені құптады.  Өзім бұрыннан ата-ене көріп, келін болсам деп армандайтынмын. Күшті ғой. Енді Аллаға шүкір сол арманым орындалды. Алдағы уақытта тек Аллаға ғана аян. Бақытты боламыз деп ойлаймын. Көп тілеуі – көл дейді ғой. Кейбір көрермендерге, сын пікір айтушыларға  жақсы сөз айта алмаса, үндемей-ақ қоя салса екен деймін.

1 пікір

Пікір қосу