Қытай жыл санап жоғары технологиялы дүниелерді ойлап табуда алдына жан салмай келеді. Соңғы кездері жасалған туындылардың ішіндегі ең үздігі жүргізушісіз, пультпен басқарылатын, дөңгелектері бар жылжымалы мини-маркет.

Моби аталатын бұл жобаны жасаған швейцариялық компания. Мини-маркеттің павильоны аптасына жеті күн, 24 сағат, сатушы мен күзетшісіз жұмыс істейді. Мұндағы барлық қызметтерді робот атқарады.

Мұнда қалаған тауарыңды сатып алу үшін  смартфоныңызға ресми мобильді қосымшаны жүктеп алсаңыз болғаны. Көрсетілген штрих-кодты сканерден өткізіп, терминал арқылы төлем жасалынады.

Бұл дүкен дөңгелегі бар платформа негізінде ашылған және күн энергиясынан қуат алады. МҰнда қарапайым ауызсу мен темекіден бастап, журнал мен аяқ киімдерге дейін сатылады.

Пікір қосу