Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде 6 боксшымыз жартылай финалға шықты. Толық құрамда аттанған командамыздың 4 мүшесі жарыс жолынан шығып қалды. Бұл туралы juldyz.kz сайты хабарлайды.

Германияда өтіп жатқан әлем чемпионатын Qazsport телеарнасы тікелей эфир арқылы таратып жатыр. Сонымен жартылай финалға жеткендер: Жомарт Ержан (49 келі),Қайрат Ерәлиев (56 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75келі), Василий Левит (91 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі). Бұл дегеніңіз қолда алты қола деген сөз. Олардың қайсы күміс, қайсы алтынға айналатынын ринг көрсететін болады.

Пікір қосу