Ерболат Досаев үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы  juldyz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол бұған дейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшысы қызметін атқарған. 2012-2016 жылдар аралығында экономика министрлігін басқарған. Министр мырза 2016 жылы көктемдегі жер митингісіне байланысты қызметінен кеткен болатын. Сол кезде жерді сатуға қарсы Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Семей, Алматы қалаларында бейбіт шерулер өткен. Жер митингісі Досаевтың 1 шілдеден бастап ауылшаруашылығына арналған жерлер жеке меншікке сатылатыны, шетелдіктерге жалға беру мерзімі 10 жылдан 25-ке ұзартылаты туралы мәлімдемесінен кейін басталған. Үкімет ұсынған заңға парламент өзгерістер енгізіп, президент бекіткен болатын. Өткенде үкімет мүшелерімен кездесу өткізген президент Нұрсұлтан Назарбаев Ерболат Досаевты мақтаған. Көп кешікпей жер дауы арқылы министрлік креслосын босатқан Е. Досаев вице-премьер болып үкіметке оралды.

Пікір қосу