Ресейлік КВН (Клуб Веселых и Находчивых) ойындарының негізін қалаушы әрі жүргізуші Александр Васильевич Масляков инсульт алып 25 тамызға қараған  түні, сағат 4 шамасында Сочи қаласының емханасына түскен. Алайда сол түні есін жимастан бақилық болған. Бұл туралы Украина ақпарат порталына сілтеме жасап juldyz.kz хабарлайды.

Масляков мырзаның қайтыс болғаны туралы ести сала ресейлік ақпарат агенттіктері оның жары Светлана Масляковаға хабарласып ақпараттың қаншалықты рас екенін анықтады. Алайда жұбайы оны жоққа шығарған. «Саша Сочи қаласына іссапарға кеткен» деп сендіріп отыр. Алайда бұл ақпарат Сочи қаласының БАҚ құралдарына тегіс таралып кеткен.

Пікір қосу