Қазақтың тойы — ысырап!
Дастарxанды түрлі тағамға ішіп-жеу үшін емес, мақтаныш үшін лықа толтыратын ағайын, ойланыңыз! Қанағат керек! Нәубет жылдары қатқан нанның қоқымын таба алмастан, қалың алаштың миллиондаған баласы ажал құшқан болатын. Қазақтың жартысын қырған сол ашаршылық неге бізге сабақ болмайды, осы? Тамақтың ысырабы қара қазақтың тоқтығын емес, дарақылығын білдіреді. Нанның да обалы болады. Асты бей-берекет шашып- төгу, тектілікті білдірмесе керек-ті. Мен мұны аштықтан қарақұрым малша қырылған қандастарымыздың аруағын сыйламау деп қабылдаймын.

Серік Аббас-шахтың инстаграмдағы жазбасы

Пікір қосу