Сурет: voxpopuli

Белгілі кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиді Ұлттық Қауіпсіздік комитеті мен Ішкі Істер министрлігінің арнайы жасағы «Депутаттық корпус» атты қылмыстық топқа жетекшілік еткен деген айыппен үйінен тұтқындап әкеткен болатын. Ал қазіргі кезде ҚР Бас прокуратурасы азаматтардың арызы мен өтініштері бойынша бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиге қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы juldyz.kz сайты tengrinews порталына сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі өкілдері былай деп мәлімдейді:
«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының ведомствоаралық тергеу тобының ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деген күдік келіп отырған Тоқмәдиге қатысты соталды тергеу жүргізіп жатқаны белгілі. Күдіктінің үйін тінту кезінде қаржы құжаттары, айтарлықтай көлемде криминалдық қару, оқ-дәрі, жалған құжат және өзге де заттай айғақтар табылды. Азаматтардың арызы мен өтініші бойынша қосымша тергеу жүріп жатыр, Тоқмәдидің қылмыстық әрекеттерінің өзге де эпизодтары тексеріліп жатыр».

Пікір қосу