Қазақстанда 20-жылға сырттай сотталған М. Әблязов интерпол тізімінен алынып тасталды. Халықаралық іздеуде болған оппозициялық саясаткерді енді ұстауға, экстрадициялауға рұқсат жоқ. Бұл туралы КазТаг агенттігі Agence France-Presse сілтеме жасап хабарлады.

Осы жылдың 7-ші маусымында М. Қабылұлы бірнеше баптармен айыпталып, 20 жылға сырттай сотталған. Үкімге сәйкес Әблязовтың дүние-мүлкі алынып, 300 айлық есептік көрсеткіште айыппқл да салынған еді. Құзырлы органның мәлімдеуінше экс-банкир зейнетақы қорының қаражаттары мен ел азаматтарының жиған терген ақшаларына қол салған. Жалпы 7,5 млрд. АҚШ долларын жымқырды деп айыптады. ҚДТ басшысы М. Әблязов бұл айыптаулардың барлығы саяси тапсырыс деген пікірде.

Пікір қосу