Қара нәсілді модельдерді көргенде, әрине, таңқалмауға болады. Алайда Ньяким Гатвех  секілді терісі көмірден де қара көрінетін модельді әлем әлі көрген жоқ. Оның осы ерекшелігі үшін әлемдік үлкен агенттіктер өз топтамаларын Ньяким ұсыну үшін таласатын көрінеді. Juldyz.kz назарларыңызға суреттер галереясы мен ерекше модель туралы ақпарат ұсынады.

Ньяким Гатвех – Оңтүстік Судан өңірінің 24 жасар тұрғыны.

Алғашында оның модель болатынына көбі күдікпен қараған. Керісінше, оның терісінің нормадан тыс қара болуы оған кедергі болады деп ойлапты.

Бірде көлік жүргізуші бұл модельге теріні ағартатын кремдерді пайдалануға кеңес берген екен. Никьям бір сұхбатында «Оған миығымнан күлдім. Себебі мен өзімді осылай қабылдадым және терімнің мінсіз әрі ерекше екенін білемін» деген.

 

 

Пікір қосу