Бүгін Мәскеудің округтік әскери соты Б. Немцов ісіне қатысты үкім шығарды.  Шешенстан ішкі істер министрлігі «Север» батальонының бұрынғы сарбазы Заур Дадаевты оппозициялық саясаткер өліміне кінәлі деп тауып, 20 жылға соттады. Бұл туралы  juldyz.kz  деп хабарлайды.

Дадаевпен бірге Тамерлан  Эскерханов 14 жылға, Анзор Губашев 19, Шадид Губашев 16, Хамзат Бахаев 11 жылға сотталды. Дадаев пен ағайынды Губашевтерді жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. Дадаев пен Эскерхановты әскери атақтары мен ордендерінен айыру туралы үкім де шықты. Сондай-ақ  барлық сотталушылар айыппұл төлейді. Кеше мемлекеттік айыптаушы  Немцовті өлтірді деп айыпталған Дадаевты өмір бойы  бас бостандығынан айыру туралы жаза  сұраған.

Борис Немцовты 2015 жылы 27 ақпанда Мәскеудің орталығында Кремльге жақын көпір үстінде атып өлтіріп кеткен. Ресейлік саясаттанушы Максим Жаров Б. Немцовтың өліміне қатысты қылмыстық ісі соңына дейін ашылмады деген пікірде. Оны саяси мақсатта өлтірді деп «URA.RU» интернет басылымына мәлімдеді.

Пікір қосу