TianDao компаниясы шығаратын ұшаққа отандасымыз Димаш Құдайбергеновтың аты берілмекші. Бұл туралы әншінің досы әрі PR-менеджері Алпамыс Шәрімов хабаралған. 

«Димаштың атымен енді ұшақ шығады! TianDao компаниясы Eastern company-мен бірге ұшақ жасауға тапсырыс берді! Бұл ұшақ «Moonlight blade» онлайн ойыны желісіне арналмақ. Димаш осы ойынға «Уақыт-теңіз» атты саундтрек жазған болатын. 22 тамызда өзінің алғашқы рейсін Шанxайдан Бейжіңге жасайтын аталмыш ұшақта Димаштың суреті бейнеленеді. Үлкен әуе кемесі енді Димаштың атымен брендке айналмақ!!! Барша Димаштың жанкүйерлеріне, Dears, құтты болсын!!», — деп жазды ол instagram-дағы парақшасында.

 

Дереккөз: Baq.kz

Пікір қосу