Бүгін Шымкенттің Еңбекші аудандық сотында кәсіпкер  Тоқтар Төлешов пен оның сыбайластарының ісін қарау басталды. Алайда, судья Мырзалы Жорабаев сотталушыларға құқықтарын айтып, прокурор айыптау актісін оқыған соң журналистерді сот залынан шығарып жіберді. М. Жорабаевтың айтуынша, бұл сот процессі жабық есік жағдайында өтеді.  Сотқа айыпталуышлар мен олардың адвокаттары ғана қатысуда. Кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2015 жылы билікті күшпен басып алмақ болған және қылмыстық топ құрған деген айыппен 21 жылға соттаған еді. Қазір оған «Террористік қауіптерді саралау орталығы» басшысы болып тұрған кезде  салықтан жалтарған және пара берген деген айыптар .  тағылып отыр.

Өз тілшіміз 

Пікір қосу