Оппозициялық саясаткер Болат Әбілов бизнеске қайта оралды. 2013 жылы саясаттан кеткен «Азат» партиясының тұрағасы биылдан бастап кәсіпкерлік салада аты атала бастады. Бұл туралы juldyz.kz  forbes.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды облысында өңір басшысының қатысуымен гаоблок өндіретін кәсіпорын ашылды. Жергілікті БАҚ-ның хабарлауынша 1,5 млрл теңге тұратын бұл жобаның негізгі инвесторы Болат Әбілов.

— Қарағанды облысында осындау зауыт ашуымыздың себебі бұл жерде шикізат көп. Әрі өндірісі дамыған аймақ. Кәсіби мамандар да бар. Жағрафиялық орналасуы да қолайлы. Астана мен Қарағандының ортасы, — деді Болат Әбілов. 

Жаңа кәсіпорында 70 аса жұмыс орны ашылған. Орташа айлық 120 мың теңге. Тәулігіне 500 куб метр газоблок өндіру жоспарланып отыр. Оның тең жартысы Астанаға жөнелтілетін болады.

Пікір қосу