Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында (Үшқоңыр жайлауында), Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. Ол – еліміздің мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

Бала Нұрсұлтан

Жасөспірім шағында Нұрсұлтан Әбішұлы тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті.  Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.

Еңбек жолы

1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

  • 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
  • 1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
  • 1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
  • 1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
  • 1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
  • 1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
  • 1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
  • 1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
  • 1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
  • 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,78 %) жеңіске жетті.
  • 1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
  • 1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
  • 2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
  • 2011 ж. сәуірдің 3-інде сайлаушылардың 95,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
  • 2015 ж. сәуірдің 26-ында сайлаушылардың 97,7 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Отбасы

Жұбайы – Сара Алпысқызы – «Бөбек» қорының басшысы.

Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ «Хабар» Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Дариға Назарбаева
Динара Назарбаева

Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.

 

Әлия Назарбаева

Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.

Н. Ә. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.

Еңбектері

Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:

  • «Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),
  • «Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),
  • «Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),
  • «Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),
  • «Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),
  • «Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),
  • «Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),
  • «Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),
  • «Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),
  • «Тарих толқынында» (А., 1997),
  • «О времени, о судьбах, о себе…» (Лондон, 1997),
  • «Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),
  • «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),
  • «Сындарлы он жыл» (А., 2002),
  • «Еуразия жүрегінде» (А., 2005).
  • «Қазақстан жолы» (А., 2012).
  • «Тәуелсіздік белестері» (А., 2012).
  • «Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» (А., 2012).

МұзАРТ тобының орындауындағы Н.Ә.Назарбаевтың сөзіне жазылған «Үшқоңыр» әні

Дәйексөздері

«Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде»

«Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылық­тарға соқтыратыны сөзсіз»

«Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек»

«Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін»

«Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек»

Н.Назарбаев өз атындағы университеті пен зияткерлік мектептердің ашылуына келісімін берді. Аталған білім беру орталықтарын өз бақылауында ұстауға тырысады. Назарбаев атындағы білім беру мекемелері Назарбаев қоры мен Назарбаев Орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылады.

Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен ашылған оқу орындары

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

Қазақстан менеджмент институты

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті

Ұлттық мемлекеттік заң университеті

Назарбаев Университетi

Назарбаев Зияткерлік мектептері және бірқатар лицейлер мен колледждер Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.

Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.

Жетістіктері

  1. Экономика ғылымдарының докторы (1993)

2. ҚР Ұлттық ғылым академиясының (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі

3. Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы

4. Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы

5. Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы

6. Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы

7. Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы

8. Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы

9. ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы

10. Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.

Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер XX ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі.

Нұрсұлтан Әбішұлы жайлы фильмдер

«Елбасы жолы»

«Менің балалық шағымның аспаны»

Пікір қосу