Қазақстандық интернет басылымдарда бүкіл әлемді талантымен мойындатқан Димаш Құдйбергеннің қытайлықтарға 14 млн ақша бергендігі жайлы материалдар жарияланды. juldyz.kz сайты осы ақпараттың рас-өтірігін анықтады.

Әншінің әкесі Қанат Айтбаев бұл ақпараттың жалған екендігін жеткізді. Оның айтуынша, қытайлықтарға Димаштың атынан жанкүйер фирма тарапынан қаражат аударылған.

Бұл сөзді Димаштың әжесі Миуа Низамитдинова да растап, өзінің инстаграм парақшасына арнайы пост жариялаған. Ондай қытайлықтарға бөлетін өздерінде қаражаттың жоқтығын және бір үйде жеті адам тұрып жатқандығын жеткізген.

 

 

Пікір қосу