Бүгін Мұхтар Жәкішев 54-ке толды. Оның қамауда отырғанына 8 жыл болды. Көп адам оның не үшін түрмеде отырғанын түсіне алмай жүр. Сот жабық есік жағдайында өтті. Оған тағылған айыптардың барлығы сот басталмай жатып ізім-ғайып болды. Бірақ  бәрібір оны соттады. Уран нарығы жайлы қалам тербеген халықаралық басылымдар оны уран саласындағы гениге теңеді. Қазатомпромға Мұхтар басшы болып келгенле ол компания құрдымға кетіп бара жатыр еді. 10 жылдың ішінде М. Жәкішев оны әлемдегі нөмірі бірінші кәсіпорынға айналдырды. Бұндай жетістікке елімізде ешкім жеткен жоқ. Банкрот болып тұрған компанияны нөмірі бірінші кәсіпорынға айналдырған мысалды әлемде  естігенім жоқ. Қазатомпром  әлемдік нарыққа әсер етіп отыған Қазақстандағы бірден-бір компания. Қазір уран гениі атанған азаматымыз Қарағанды өңіріндегі Долинка түзеу мекемесінде. Оның денсаулығы нашар. Медициналық көмекке өте-мөте мұқтаж.  Көп адамның есінде жоқ та шығар 1998 жылы Қазатомпром банкрот компания болатын. Еңбек ақы айлар бойы төленбейтін. Өндіріс тоқтап қалған. Компанияның болашағы жоқ сияқты көрінетін. Ресейліктер компанияның бақылау пакетін бар жоғы сегіз млн. долларға сатып алмақ болған-ды. Үкіметте уран комбинаты орналасқан Степногорск қаласын жабу мәселесі талқыланып жатқан. Уран қалдықтары жатқан қоймаға су жіберуге қаражат болмады. 200 шақырым жерде тұрған Астананың қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіне қойылған еді. Уранның шаң-тозаңы Астанаға келуі мүмкін тұғын. Экологиялық катастрофа болу да ықтимал еді. Бұл бір қиын кездер болатын. Мен ол кезде энергетика министрі едім. Инженер-физик ретінде бұл саланы сен жетік білгендіктен осы саланы саған бақаруды ұсындым. Сен бұл жұмысты қолыңа алдың. Барыңды салдың. Степногорсты құтқардың. Қазатомпромды әлемдегі үздік компанияға айналдырдың. Қазір ол кәсіпорын миллиондаған доллар пайда тауып отыр. Мыңдаған жұмыс орындары бар.

М. Әблязовтың Фб-ғы жеке парақшасынан алынды

Пікір қосу