Бүгін Алматы қаласындағы қоғамдық белсенді  Асхат Берсәлімов Жібек жолы көшесіндегі Арбат бойында  бір күндік аштық акциясын өткізді. Ол juldyz.kz порталына аштық акциясын не үшін жариялағаны туралы айтып берді.

«Журналистер қауіп-қатерде» қоғамдық ұйымының жетекшісі Рамазан Есіргеповтің аштықта отырғанына бүгін бесінші күн. Ол кісі Макс Боқаевты қолдап тамақтан бас тартты.  Бұл істе ол кісінің жалғыз болғанын қаламадым. Жалғыздығын сезінбесін деп қолдау мақсатында бүгін мен де бірге Арбатта акция өткіздім. Бұл акция ешкімге эстафета арқылы ешкімге  жолданбайды. Елімізде Жанболат Мамай, Арон Атабек, Мұхтар Жәкішев, Макс Боқаев, Талғат Аян сынды саяси себептермен қамалған азаматтарды  қолдау мақсатында осындай акция жасадым. Бұл істен нәтиже болса да, болмаса да біз үндемей отыра алмадық»

Айта кетейік, Жанболат Мамай ақпанның 10-ы күні шетелде қуғында жүрген опозициялық саясаткер, «БТА банк» директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовтің ісіне қатысы бар деген күдікпен ұсталған болатын. Макс Боқаев пен Талғат Аян болса, былтырғы жылғы «Жер митингісіне» қатысты сотталған. Айтпақшы, қоғамдық белсенді Макс Боқаев Петраопавл қаласындағы ЕС-164/3 колониясында 9-шы маусымнан бері аштық жариялап жатыр. Ол Солтүстік Қазақстан облысындағы түрмеге ауыстырған ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің шешімі «заңсыз» деп санайды.

Пікір қосу