Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресей және Түркия БАҚ-ры жаряланған ақпаратты жоққа шығарды. Айта кетейік, Түркияның «Hurriyet» газеті мен Ресейдің «Риа Новости» агенттігі Сирияға қазақ және қырғыз жасақтарын жөнелтуге қатысты келіссөздер жүріп жатқанын хабарлаған болатын. Осыған қатысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігі өз ресми сайтында  түсініктеме берді.

«Қазақстан Сирияға өз әскери қызметшілерін жіберу бойынша ешкіммен келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Сириядағы қақтығысты бәсеңдетудің төрт аймағының қауіпсіздігі мен тиімділігі қандай жолмен қамтамасыз етілетіні туралы мәселе Астана процесі кепілгер елдерінің құзырында. Олар осы және басқа да мәселелерді Қазақстан елордасында 4-5 шілдеде кезекті кездесу барысында талқылайтын болады. Кез-келген жағдайда әлемнің қайсыбір қақтығыс ошағына өз бітімгерлерімізді жіберу мүмкіндігін қарастырудың маңызды қағидатты шарты – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарының және осы ұйымның тиісті мандатының болуы», — делінген хабарламады.

Пікір қосу