Сатира жанрында көпшіліктің көңілінінен шығып жүрген еңбектердің авторы, актер Асқар Наймантаев өзінің жеке парақшасына қысқа жарияланым жасады.

Өзінің постында сықақшы туған күнімен құттықтағандарға алғысын білдіріп, жауап қайтаруға уақыты тапшы екендігін және сериалға түсіп жатқандығын жеткізді.

Асқар Наймантаев:

Туған күніммен құттықтаған ағайынға МЫҢ алғыс!
ФБ-ға кіру үшін не уақыт, не көңіл-күй керек. Әзірше екеуі де оңып тұрған жоқ. Қызметіміз елдің көңілін көтеру, өзіңдікін емес. Ораза айында шын «жақсы» да бар, жасанды «жақсы» да бар. Өзім де кейінгісінің қатарында жүрген сияқтымын. Кәсіп – алданыш, уәде – жұбаныш… Қашаңғы «жұбанып жатар» екем?..
Әзірше Шымкентте сериалға түсіп… қол боста бабаларды аралап… жұбанып…

Пікір қосу