Ақан Мейірбеков қазақ топырағынан шыққан таланттардың бірі. Бір кездері Ақанға  қазақтың болашақ біріші скрипкашы болады деп мамандар баға берген болатын. Ақан 1988 жылы Алматыда өмірген келген. Алты  жасынан бастап сахнаға шыға бастаған. Мектеп табалдырығында-ақ Ресей, Испания, Италия сияқты мемлекеттерде өнер көрсетіп, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты атанған. Қазір ол Санкт-Петербургтегі Мариин театрында еңбек етіп жүр. Жуырда ratel.kz сайтына сұхбат берген Ақан Қазақстанға қашан оралатыным белгісіз деген. Журналист сізді Қазақстанда жақсы болашақ күтіп тұр еді. Жетекші солист болар едіңіз. Сіз неге Питерге кеттіңіз деген сұрақ қояды.

Музыкант өз кезегінде: «Болашақ жайлы айту өте қиын. Бүгінгі күнің жайлы айту оңайрақ. Қазір мен де бәрі жақсы. Солист деген ұғым Қазақстан мен Ресейде екі бөлек. Біздің елде өкінішке қарай, классикалық музыка көп адамды қызықтырмайды. Айлық мәселесіде бар. Санкт-Петербургте өмір сүруге болатын айлық төленеді. Кім үшін өнер көрсететініңде түсінікті,» —  дейді  музыкант.   

Ақан Мейірбековке  шетелдерден түрлі шақыртулар 2010 жылдарда да түсіпті. Сол жылы ҚР мәдениет қайраткерлерінің «Қорқыт» қоғамдық қоры Президентке үндеу жолдап, елдегі талантты жастар  шетелге кетіп жатыр деп дабыл қаққан болатын.

Пікір қосу