Жуырда «91» тобы өздері туралы түсірілген фильмдерін ұсынбақ. Топтың 6 айдан бері халық көзінен таса болуына түсірілім жұмыстары себепші болған екен. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Олар жаңалықтарымен 31 арнаның “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасында айтты.

“Осыдан екі күн бұрын біздің фильмнің түсірілімі бітті. Алдағы қыркүйек айында 91 тобының бастарынан өткен шынайы оқиғаларын көре аласыздар”, – дейді ZAQ.

Топ жаңа түсірілген фильмдерінде өздерінің ән айту бағыттарын кеңірек баяндайтын болады. Сонымен қатар, екі жыл ішінде басынан өткен қиындықтарын да көрсетеді.

 

Пікір қосу