Продюсер Нұрлан Қоянбаев «Қазақша кәсіп» («Бизнес по-казахски») комедиялық фильмінің жалғасын түсірмек. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Ол фильмнің екінші бөлімін «Америкадағы қазақша кәсіп» («Бизнес по-казахски в Америке») деп атап, «Kazteleproduct» кинокомпаниясымен бірге басты әйел рөліне кастинг жариялады.

Кастингке қазақ және ағылшын тілін білетін, түсірілімде тәжірибесі бар 20-25 аралығындағы қыздар қатыса алады. Үміткерлерге қойылатын тағы бір талап – бойы 165-170 см. болу тиіс. Үміткер кастингке қатысу үшін сауалманы, суретін (бояусыз, басынан аяғына дейін түскен) және бейнежазбасын [email protected] электронды поштасына жіберуі керек.

Продюсер Нұрлан Қоянбаев жаңа комедиялық таспасының сюжетін әзірге құпия ұстауда. Дегенмен, жобаның сценарий жазушыларының есімдері белгілі болды. Олар — Сәбит Рахымбаев пен Әуез Әуезов.

Айта кетейік, 2016 жылдың желтоқсан айында қазақстандықтарға «Қазақша кәсіп» комедиясының бірінші бөлімі ұсынылған еді. Жалпы жинағы 300 миллион теңгені құрады. «Қазақша кәсіп» айналымға 48 күн шықты.

Пікір қосу