Көкшетауда Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Жанна Бердығұлованы өлтіріп кетті. Полиция ақпараты бойынша, 46 жастағы судьяның денесі сейсенбі, 13 маусым күні өз үйінде табылған. Оны қылқындырып өлтірген болуы керек деген болжам бар. Бұл туралы juldyz.kz cайты хабарлайды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Бердығұлованың туыстары мен әріптестері марқұмның жүрегі тоқтап қалған болуы керек деген. Артынша  сараптама нәтижесінде азаптау іздері  анықталыпты. Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчуктің хабарлауынша, кісі өлтіру қылмысы бойынша іс қозғалды. 32 жастағы Көкшетау қаласының бұрын сотталған  тұрғын күдікті ретінде ұсталды. Ол кінәсін мойындаған. Кісі өлтіру мотиві әзірге белгісіз.

Пікір қосу