Актриса Дина Тасболатова ресейлік «А.Л.Ж.И.Р.» хикаясының түсіріліміне қатысуда. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Сюжетте өткен жүзжылдықтың 30-жылдарындағы «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагерін» көрсетеді. Жоба «НТВ» телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілуде.

Дина хикаяда басты рөлдердің бірін сомдайды. Ол қауіпті жағдаймен тұтқындардың арасына тап болатын Дәмештің рөлін ойнайды. Өзінің неліктен тұтқындалғанын түсінбей дал болған бойжеткен құқығы мен бостандығы үшін күресіп, лагерь өмірінің бар қиындығын басынан өткереді.

«Мен өз рөлімнің жауапкершілігін сезіндім. Өйткені, картинада бұрынғы заманда болған шынайы тарихи оқиға көрсетіледі. Мен сол уақытта ата-бабаларымыз көрген сұмдықты, қайғылы оқиғаларды шынайы жеткізгім келді»,-деді Дина Тасболатова.

Айта кетейік, көпсериялы драманың түсірілімі биыл сәуір айында басталған және шілде айының соңына дейін жалғасады.

Пікір қосу