Әлемге танымал актер Жеки Чанның Астанаға келгені жайлы сайтымызда жариялаған болатынбыз. Оны Елорда әкімі Әсет Исекешев қытайлық актерды әуежайдан өзі күтіп алған. Дегенмен оны күтіп алу барысында қазақылығымызды көрсете алмағанымыздың көпшілік наразы.

Журналист Жарас Кемелжанның фейсбуктегі жазбасынан:

Джеки Чан (Чың лұң) келді деп бөркімізді аспанға аттық. Дұрыс. Қонақжаймыз ғой. Бірақ Қазмедияның алдын қытай шамдарымен көмкерудің не қажеттілігі болды екен? Джеки шам көрмей жүрген жоқ қой. Шамға қарап туылып, сол шамның жарығымен кино түсірген — қытайдың шамын өмірбойыжағып жүрген жан. Ол өзінің Қытайын, қытайдың салт-дәстүрін жанындай жақсы көртінін киноларынан білеміз. Ендеше, біз оны неге қазақ үйге түсіріп, қазақша қарсы алмадық. Өйткені, ол ұлтты сүюді бізден артық түсінеді, қытайды сүюге бізден артық қызмет қылған.
Жалғыз Димаш шапан жауып, күй шертіп беріп, қазақтың дәстүрін Джекидің өз жерінде, актердің өзіне көрсетіп, тамсандырған жоқ па? Димаш істегенді істей алмадық қой. Джеки келіп еді, бір күнде бәріміз қытай болып шыға келгендейміз!
Мен ойлағам, Джеки самолеттен түскенде Адай күйімен оркестр қарсы алса, Асанәлі Әшімов бастаған, Жұлдызбектың каскадер жігіттері шықса, киіз үйге кіргізіп, қымыз беріп, шапан жауып, сосын қазмедияға ертіп апарса қандай жақсы болар еді!!! Әттең!

Пікір қосу